Чавушоғлу Түркияның әрі майданда, әрі үстелде күшті екенін айтты

"Әрі Манбиджден, әрі Тель Рифаттан террористік ұйым PKK/YPG мүшесі террористер шығарылады."

1298790
Чавушоғлу Түркияның әрі майданда, әрі үстелде күшті екенін айтты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның әрі майданда, әрі үстелде күшті екенін айтты.

Мевлүт Чавушоғлу Анталияда Акдениз универстиеті академиялық жылының беташарындағы алғашқы сабақ бағдарламасындағы сөзінде Сирияда Сенімді аймақта өткен Түрік-Орыс ортақ бақылауына тоқталды.

Мевлүт Чавушоғлу Ресей Федерациясымен 22 қазанда Сочиде жасасқан келісімнің негізгі мақсаты Сирияда Евфрат өзенінен Ирак шекарасына дейінгі 30 километр тереңдікке дейін террористік ұйым PKK/YPG мүшесі террористердің шығарылуы және10 километрлік тереңдікте Түрік-Орыс жасақтарының бірлікте бақылау жүргізуі екенін айтты.

Ортақ бақылаудың бүгін басталғанын айтқан Мевлүт Чавушоғлу:

"Террористердің 30 километр ұзаққа шығарылуы Камышлыны қамтыйды, ол жерден де шығарылады. Алайда Түрік-Орыс жасақтарының бірлікте бақылауы Камышлыны қамтымайды. Өйткені бұл жерде режим бар" деді.

Мевлүт Чавушоғлу мыналарды айтты:

"Әрі Манбиджден, әрі Тель Рифаттан террористік ұйым PKK/YPG мүшесі террористер шығарылады. Біз екі келісімде қалағанымызды алдық. Майданда да, үстелде де күштіміз. Операция жасамасақ бұлар болмас еді. Дипломатияны  жақтаймыз, уәдемізде тұрамыз, әріптестермізден де уәдесін орындауын күтеміз." 

Мевлүт Чавушоғлу:

"Сирияның солтүстігінде террористік ұйым PKK/YPG мемлекетін құруды қиялдаған еді. Мұның басында Франция мен Израиль бар. Ашық айтайын, бүгінге дейін ешбіреуі "Жоқ, олай емес, мұндай талпынысымыз болған емес" деген де шыққан жоқ" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар