Апатқа ұшыраған тікұшақтың орнын «Akıncı» пилотсыз әуе көлігі анықтады

Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Рейси мінген тікұшақтың сынықтарын түрік пилотсыз әуе көлігі анықтады.

2141550
Апатқа ұшыраған тікұшақтың орнын «Akıncı» пилотсыз әуе көлігі анықтады

Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Рейси мен қасындағы делегация мінген тікұшақтың сынықтарын анықтаған пилотсыз әуе көлігі «Akıncı» Түркиядағы базасына қонар алдында көгілдір аспанда жарты ай мен жұлдызды жолын сызды.

«FlightRadar24»-де «Akıncı» пилотсыз әуе көлігінің Ирандағы қызметін сәтті аяқтап, үйіне оралғаннан кейін Вандағы базасына қонар алдында аспанда жұлдыз мен ай бағытын сызғаны байқалды.

Иран Мемлекет басшысы мен кейбір лауазымдылар мінген тікұшақтың апатқа ұшырауының артынан Түркияның іздеу жұмыстарын жүргізу үшін жіберген «Akıncı» пилотсыз әуе көлігі тікұшақтың сынықтары деп есептелген жылу көзін анықтап, координаттарын Иран әкімшілігімен бөліскен болатын.

«Akıncı» пилотсыз әуе көлігінің анықтауының артынан Иран Қызыл жарты ай қоғамы Мемлекет басшысы Реисиге тиесілі тікұшақ қалдықтарының орнын анықтағанын жариялаған болатын.

Иранның мемлекеттік телеарнасы тікұшақ сынықтарында тірі адамның белгісінің жоқтығын хабарлады.

Мемлекет басшысы Реиси кеше тікұшақпен Иран-Әзербайжан шекарасындағы су бөгетінің ашылу рәсіміне қатысқан болатын.

Иран мемлекеттік телеарнасы апаттың Реиси тікұшағы аймақтан елге оралғанда жерге қатты қону кезінде орын алғанын хабарлады. Тікұшақта сондай-ақ Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиян, Шығыс Әзербайжан штаты губернаторы Малик Рахмети және Тебриз имамы Айетуллах Али Хашимнің де бар екенін хабарлады.

Іздеу-құтқару топтары ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыстың қиыншылықпен жалғасып жатқанын хабарлап, Иран әуеден іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Түркиядан пилотсыз әуе көлігі сұраған болатын.

«Akıncı» пилотсыз әуе көлігінің қызметі бүкіл әлемде үлкен қызығушылық тудырды.

«FlightRadar24» қолтаңбасына сәйкес 200 мыңнан астам адам «Akıncı» пилотсыз әуе көлігінің Иран әуе кеңістігіндегі айналмалы қозғалысын қадағалаған еді.

Иранның мемлекеттік телеарнасы Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси, Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиян және оның қасындағылардың тікұшақ апатынан қаза тапқанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар