Ердоған қауіпсіз аймақ жайлы мәлімдеме жасады

Ердоған Сирияда құрылған қауіпсіз аймақтардың осы таңда мемлекеттегі ең тыныш жерлер екенін айтты.

1298365
Ердоған қауіпсіз аймақ жайлы мәлімдеме жасады

Ердоған қауіпсіз аймақ жайлы мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда құрылған қауіпсіз аймақтардың осы таңда мемлекеттегі ең тыныш және өмір сүруге болатын жерлер екенін айтты.

Ердоған кеше Стамбулда ұйымдастырылған 6-шы Түрік медицина құрылтайында жасаған мәлімдемесінде Бейбітшілік бұлағы операциясы арқылы сириялықтарға еліне қайта оралатын жаңа алаңдар дайындағандарын атап өтті.

Сириялық босқындар жайлы Біріккен Ұлттар Ұйымына жаңа бір үндеу тастағандарын түсіндірген президент Ердоған «Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш қонағым болады. Сізге айтарым бір халықаралық жиналыс үндеуін тастаңыз. Егер сіз жасамайтын болсаңыз онда бұл үндеуді мен жасаймын. Тель-Абьяд пен Ресулайн арасында қажет болса бір босқындар қаласын құрамыз» деген сөздер қолданды.

Ердоған «Миллиондаған мигранттарды территориямызда бақтық. Халықаралық ұйымнан алған қолдауымыз тек насихат ғана болды. Бір тамшы мұнайды бір тамшы қаннан тіпті құнды көрген сананың көзі Сирияда және әлемнің әр жерінде өз мүдделерінен басқа нәрсені көрмейді. Біз маңайымызға қарағанымызда тек адам, жан және өмірді ғана көрудеміз. Басқаларымен салыстарғанда ең үлкен өзгешелігіміз осы» деді



Ұқсас жаңалықтар