5 террорист залалсыздандырылды

PKK-ға мүше үш террорист қарулы ұшқышсыз әуе көлігімен залалсыздандырылды.

1298216
5 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігіндегі Кандил және Хафтанинде сепаратистік террор ұйымы PKK-ға мүше үш террорист қарулы ұшқышсыз әуе көлігімен залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Кандил және Хафтанин аймақтарында анықталған үш террористтің қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен залалсыздандырылғанын хабарлады.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі де ішкі қауіпсіздік операциялары шеңберінде Ван маңында Қалалық Жандармерия қолбасшылығы әскерлері тарапынан террорлық ұйымның баспана мен қоймаларын анықтау мақсатымен басталған «Кыран-Шейіт Абдулла Байду» операциясында екі террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

Хабарламада аймақта операциялардың жалғасып жатқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар