Ердоған АҚШ Мәжілісін сынады

Ердоған тарихы отаршылдық және қырғынмен өткендердің Түркияға сабақ беру құқығы болмайтынын айтты.

1297249
Ердоған АҚШ Мәжілісін сынады

Президент Режеп Тайып Ердоған тарихы отаршылдық және қырғынмен өткендердің Түркияға сабақ беру құқығы болмайтынын айтты.

Президент Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде өткен топ жиналысында баяндама жасады.

Ердоған сөзінде ауыз жүзіндегі армян қауесеттері мен Сирияның солтүстігіндегі бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PKK-ға қарсы жүргізілген Бейбітшілік бұлағы операциясы себепті Америка Құрама Штаттары Өкілдер мәжілісінің жасаған шешімдеріне наразылық көрсетті.

"Біз үшін бұл шешімнің ешқандай заңдық негізі жоқ, мұндай талпыныстарды қабыл алмаймыз" деген Ердоған  заң жобалардың 2016 жылы 15 шілдеде төңкеріс жасаған Фетуллахшы террор ұйымының пайымдауларын негіз еткенін айтты және "АҚШ ФЕТӨ-ге  тәуелді болатындай кішірейді ме?" деген сауал тастады. 

Ердоған:

" Біз үшін аталмыш шешімнің бұрын да басқа елдердің парламенттерінде басылған ұқсас қадамдар сияқты ешқандай негізі жоқ. Елімізге қарсы дауыс берген өкілдер мәжілісі мүшелерінің шындықты ертерек тануларын тілейміз. Бір ғасырдан астам уақыттың алдында болған оқиға жайлы тек тарапты үкім шығарған мұндай талпыныстардың толығын қабылдамаймыз" деп баса дәріптеді. 

Президент Ердоған:

"Тарихтары қырғын, құлдық, отаршылдық қылмыстарымен толған бір елдің Түркияға сөз айтатын, сабақ беретін құқығы болуы мүмкін емес. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіміздің қажетті жауапты дереу беретініне сенемін" деді. 



Ұқсас жаңалықтар