Грузия премьер-министрі Түркияға келді

Грузия премьер-министрі Георгий Гахария президент Ердоғанның шақыруымен ресми сапармен Түркияға келді.

1298008
Грузия премьер-министрі Түркияға келді
Giorgi Gakharia-Cumhurbaskani Erdogan1.jpg

Грузия премьер-министрі Георгий Гахария президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен ресми сапармен Түркияға келді.

Грузия президентін Анкарада президент орынбасары Фуат Октай ресми салтанатпен қарсы алды. Қарсы алу рәсімінен кейін Грузия премьер-министрін президент Ердоған қабылдады.  

Президенттік сарайдағы қабылдау баспасөзге жабық өтті. Одан кейін президент Режеп Тайып Ердоған мен Грузия премьер-министрі Георгий Гахария ортақ баспасөз жиналыс өткізді.

Ердоған бұл жерде жасаған мәлімдемесінде бүгін ел сыртқы істер министрлеріне берілген бұйрық бойынша ең қысқа мерзім ішінде стратегиялық ынтымақтастық кеңесін жинайтындарын білдірді.

Ердоған стратегиялық ортақтықтың тек екі ел үшін емес, аймақ тұрғысынан да болымды нәтижелер болатынына сенгенін атап өтті.

Грузия премьер-министрі Георгий Гахария да энергия коридорлары тақырыбында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастығына қатты көңіл бөлгендерін білдірді.

        



Ұқсас жаңалықтар