Фуат Октай Әл-Санимен кездесті

Кездесу барысында Октай Бейбітшілік бұлағы операциясына жасаған қолдауына орай Катарға алғыс айтты.

1297865
Фуат Октай Әл-Санимен кездесті

Фуат Октай Әл-Санимен кездесті.

Президент орынбасары Фуат Октай Катар премьер-министрі және ішкі істер министрі Шейх Абдуллах бин Насыр бин Халифа Әл-Санимен кездесті.

Октай Катар премьер-министрі Әл-Саниді Президенттік сарайдың кіре берісінде қарсы алды.

Октай мен Әл-Санидің оңаша кездесуі 30 минут жалғасты.

Кездесуде Түркия мен Катар бауырластық байланыстары және екі ел лидерлері тарапынан ұстанған ортақ саяси көзқарастың арқасында қарым-қатынастардың өте жақсы екені білдірілді.

Кездесу барысында Октай Бейбітшілік бұлағы операциясына жасаған қолдауына орай Катарға алғыс айтты.

Кездесуде президент Режеп Тайып Ердоған мен Катар Әмірі Шейх Тамин бин Хамад Әл-Санидің тең төрағалығында өткізілетін «Түркия-Катар стратегиялық комитетінің» алдымыздағы кезеңде жиналуы үшін қатысты органдардың жұмыстарының жалғасқаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар