Түркиядан АҚШ-қа наразылық

"Бізге айып таққандар, алдымен өз тарихына қарасын"

1297133
Түркиядан АҚШ-қа наразылық
fahrettin altun.jpg

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарында Өкілдер мәжілісі қабылдаған «армян геноциді» жобасын тарихтың саясатқа құрал болғанының ең ұятты мысалы деп атады.

Баспасөз хатшысы Калын Twitter есебінен жазба жариялады: «Америка Өкілдер мәжілісінің армян шешімі – тарихтың саясатқа құрал болғанының ұятты мысалы.  Түркияны геноцид жасадыңдар деп айыптағандар алдымен өз тарихына және өздері қолдау берген АСАЛА мен PKK террорлық ұйымдарының қанды тарихына қарасын»

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун да армян шешімінің АҚШ-Түркия қарым-қатынастарына көңіл бөлетін барша үшін алаң туғызатын оқиға екенін білдірді. Жобаны қолдап дауыс бергендердің аумалы-төкпелі аймақта стратегиялық тұрғыдан маңызды қарым-қатынастың нашарлауына да жауапты болатынын атап көрсеткен Фахреттин Алтун былай деді: «Саяси мақсат үшін тарихты саясатқа қолдану қабылданбайтын жағдай. Армян бауырластарымызды тарихты ішкі саясат құралына айналдырмауға шақырамыз.  Осы аймақта жүздеген жылдан бері бірге өмір сүріп келеміз. Аймағымызда онсыз да қайғы-қасірет әкелген сыртқы күштердің килігуінің қарым-қатынастарға пайдасы тимейтінін тарих көрсетіп берді»

АҚШ Өкілдер мәжілісінің «Бейбітшілік бұлағы» операциясын сылтау қып көрсетіп,  Түркияға санкция жүргізілуіне байланысты заң жобасының да стратегиялық одақтастық рухына қайшы екеніне назар аударған Алтун террорлық ұйымды қорғау үшін НАТО одақтасына санкция жүргізуге тырысуды шындықтардан аулақ болу деп атады.

«Бұл заң жобасы Түркияның террорлық ұйымдармен күресудегі табандылығына кедергі жасай алмайды,  тек екі жақты қатынастардың болашағына қауіп төндіреді» деді ол.

Әділет министрі Абдулхамит Гүл де Анкарада сөйлеген сөзінде АҚШ Өкілдер мәжілісінде шыққан шешімдерді Түркияның жоқ деп есептейтінін айтты. «Шайқас алаңында білегімізді бүге алмағандардың ахлаққа жатпайтын шабуылдарынан қорықпаймыз. Біздің тарихымызда ұятты оқиға болған емес. Геноцид деп атаған басқыншылар алдымен өз тарихымен бетпе-бет келсін» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар