Акар АҚШ-тың шешімдеріне наразылық көрсетті

Акар Ресеймен өткізілген делегациялар арасындағы әскери кездесулердің аяқталғанын, негізінен келісімге келінгенін білдірді.

1297135
Акар АҚШ-тың шешімдеріне наразылық көрсетті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ресеймен өткізілген делегациялар арасындағы әскери кездесулердің аяқталғанын, негізінен келісімге келінгенін білдірді.

Хулуси Акар жасаған мәлімдемесінде Ресеймен Сирияның солтүстігін террордан тазалау жұмыстарының өзара жасампаз және түсіністік негізінде жалғасып жатқанын атап көрсетті.

Хулуси Акар АҚШ Өкілдер мәжілісінің 1915 оқиғаларына байланысты ауыз жүзіндегі армян пайымдауларын таныған шешім жобасын және Сирияның солтүстігінде террористік ұйым YPG/PKK-ға қарсы жүргізілген Бейбітшілік бұлағы операциясын сылтау етіп Түркияға эквация жасауға байланысты заң жобасына наразылық көрсетті. 

Министр Хулуси Акар:

"Бұл - одақтастық рухына, одақтағы жұмыстарымызға, бірге жасалған операцияларға, жаттығуларға қайшы әрекет. Еркін және тәуелсіз ой-пікірге ие америкалықтардың конгресті аталмыш шешімінен бас тартқызатынына, конгрестің бұл қате жолмен жүруін тосатынына сенемін" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар