Түркия Еуропа парламентінің шешіміне наразылық көрсетті

Түркия Еуропа парламентінің Бейбітшілік бұлағы операциясы жайлы ұстанымын толығымен қабылдамағанын жариялады.

1294196
Түркия Еуропа парламентінің шешіміне наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Еуропарламенттің Түрік Қарулы күштерінің Сирияның солтүстігіндегі бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ға қарсы жүргізген Бейбітшілік бұлағы операциясына қарсы ұстанымы жайлы мәлімдеме жасады.

Террористерді үздіксіз парламентінде қонақ еткендер қабылдаған осы шешімнің Түркияны таң қалдырмағаны атап көрсетілген мәлімдемеде операцияның халықаралық құқық негізінде жүргізілгені, тек қана террор ұйымын нысанаға алғаны, жазықсыз адамдарға зиян келмеуі үшін әртүрлі шараның қабылданғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде сондай-ақ бұл операцияның заңдылығының Түркияның АҚШ және Ресеймен жасаған ортақ келісімдермен де бекітілгені еске салынды.

Мәлімдемеде «Қазірге дейін қайта қайта халықаралық қоғамға және жоғары деңгейлі шетелдік ресми органдарға жасаған мәлімдемелерімізбен Еуроодақ парламенті шешімдерінде орын алатын қауесеттердің барлығы алдында теріске шығарылды немесе түсіндірілді. Еуропарламент барлық осы мәлімдемелерімізге қарамастан шындықпен ұштаспайтын бір шешім қабылдап, Түркияға қарсы объективті болмаған ұстанымын жалғастырды. Сириядан пайда болған PKK/PYD/YPG және ДАИШ террорымен және заңсыз көшпен күресетін Түркиямен ынтымақтасудың орнына, бір террор ұйымының күн тәртібіне қызмет етуі және негізсіз қауесеттерді мақұлдауды таңдаған» делінді.



Ұқсас жаңалықтар