Ердоған: "Біз күрдтерге дұшпан емеспіз. Біздің дертіміз террористер"

​​​​​​​Президент Ердоған Түркия Телерадио корпарациясының тікелей эфирінде күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

1294342
Ердоған: "Біз күрдтерге дұшпан емеспіз. Біздің дертіміз террористер"

Президент Режеп Тайып Ердоған "Біз күрдтерге дұшпан емеспіз. Біздің дертіміз террористер" деді.

Президент Ердоған Түркия Телерадио корпарациясының (ТРТ) тікелей эфир таралымында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

Ердоған:

"Террористік ұйымдардың басындағылар мен Алмания, Франция, АҚШ кездесулер өткізуде. Мазлум лақапты террорист қызыл бултенмен ізделіп жатыр. АҚШ мұны бізге тапсырып беруі керек" деді.

Түрік Қарулы Күштері тарапынан Сирияда Евфрат өзенінің шығысында жасалған және артынан үзіліс берілген бейбітшілік бұлағы операциясын бағаландырған Ердоған:

"Евфраттың шығысында бұлақ көп болғандықтан біз "Бейбітшілік бұлағы" деп атадық. Бейбітшілік бұлағы операциясы да осылай басталды" деп көрсетті. 

Президент Ердоған:

"Біз күрдтерге дұшпан емеспіз, олар біздің бауырларымыз. Біздің дертіміз террористер. Біз орнатуға және қайта құруға келдік, құлатуға емес" деді. 

Ердоған операцияның Айн-ел Араб аймағын қамтып-қамтымайтынына оқиғалардың дамуына қарай шешім жасайтындарын атап көрсетті. 

НАТО-да Түркияның стратегиялық ортағы болған АҚШ-тың бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға 30 мыңнан астам жүк көлігіне толтырылған қару-жарақ пен жабдықтар жолдағанын айтқан президент Ердоған:

"Сириядағы ауыр қарулар тазалануы және Түркияға тапсырылуы керек. НАТО-да бірге болғанымыз үшін. Бұлар бізге берілсін" деп баса көрсетті. 

АҚШ президенті Дональд Трамппен шынайы байланыс ішінде болғандарын да  білдірген Ердоған 13 қарашадағы шақыруға бір делегациямен баратынын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар