"Түркия ДАИШ-ке қарсы күресті жалғастыруда табанды"

Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун мәлімдеме жасады.

1287833
"Түркия ДАИШ-ке қарсы күресті жалғастыруда табанды"

Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның ДАИШ террор ұйымымен күресті табандылықпен жалғастыратынын білдірді.

Алтун твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Түркия ДАИШ-ке қарсы күресті жалғастыруда табанды. Сондай-ақ осы қорқақ террористтерге қарсы соғысуға дайын бір мемлекет. ДАИШ Түркияның дұшпаны және толығымен жойылғанша олармен соғысудан бастартпайды» делінді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның ДАИШ-ке қарсы нағыз соғыс жүргізген жалғыз ел екенін атап көрсетті.

«Қазір Сириядағы ДАИШ-тік содырлармен күрес тақырыбында әртүрлі жауапкершілікті мойындауға дайын екенімізді баса айтамын» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар