Сыртқы істер министрлігінен Еуроодаққа қатаң наразылық

Түркия Еуроодақпен кейбір салаларда жасалған ынтымақтастыққа қайта көз жүрігтілетінін атап көрсетті.

1287960
Сыртқы істер министрлігінен Еуроодаққа қатаң наразылық

Сыртқы істер министрлігі «Еуроодақ Сыртқы қатынастар Кеңесінің Сирия мен Шығыс Жерорта теңізі шешімдері және елімізге жасаған шақыруларын толығымен қабылдамаймыз, айыптаймыз» деп мәлімдеме жасады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде Еуроодақтың ДАИШ-ке қарсы күрес тақырыбында Түркияға сабақ беру құқығы болмағаны аталып, «Заңсыз және бір жақты ұстанымы себепті Еуроодақпен кейбір салалардағы ынтымақтастығымызға жіті көз жүгіртеміз» делінді.

Мәлімдемеде сондай-ақ «Еуроодақтың Шығыс Жерорта теңізінде жалғастырған табиғи газ іздестіру және бұрғылау жұмыстарын заңсыз деп атауын қабылдамаймыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар