Террористтер мектеп пен ауруханалардың ішінен Түркияға шабуылдауда

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Түркияға жасалған шабуылдар жайлы мәлімдеме жасады.

1285863
Террористтер мектеп пен ауруханалардың ішінен Түркияға шабуылдауда

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (MSB) Евфраттың шығысында террорлық мемлекет құрғысы келген PKK/PYD-YPG-лік террористердің жазықсыз адамдар қолданған мектеп, қоғамдық ғимарат және ауруханаларға жасырынып, Түркиядағы жазықсыз халыққа шабуылдағанын білдірді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Евфраттың шығысын террорлық мемлекет құрғысы келген PKK/PYD-YPG-лік террористтер, халық тарапынан қолданылған ғимарат, мектеп және ауруханаларға жасырынып еліміздегі тұрғын аймақтарға пулемет және зымыранмен шабуылдауда. Ешбір адами қасиетке ие емес қолы қанды террористердің еліміздегі азаматтық тұрғын аймақтарына жасаған пулемет пен зымыран шабуылдарында жазықсыз азаматтарымыз жарақат алды»  делінді.

Мәлімдемеде террористтер шабуылдаған орындардың фотосуреттері де бөлісілді.



Ұқсас жаңалықтар