Шетелдік миссия өкілдеріне мәлімет берілді

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің Анкарадағы дипломатиялық миссия өкілдеріне де кеше мәлімет берілген болатын.

1285745
Шетелдік миссия өкілдеріне мәлімет берілді

Түркия оңтүстік шекарасында қалыптастырылуға тырысылған террор дәлізін жою, аймаққа бейбітшілік пен тыныштық орнату мақсатымен басталған Бейбітшілік бұлағы операциясы жөнінде Түркиядағы шетелдік миссия өкілдеріне мәлімет беруін жалғастыруда.

Осы шеңберде Еуропа Одағы Түркия делегациясы төрағасы Кристиан Бергерді Сыртқы істер министрлігіне шақырып, операция және оның себептерін түсіндірді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің Анкарадағы дипломатиялық миссия өкілдеріне де кеше мәлімет берілген болатын.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өнал министрлікке келген Америка Құрама Штаттарының өкілетті елшісі Дэвид Саттерфиельд, Францияның өкілетті елшісі Фриес,  Ұлыбритания елшісі Чилкот, Ресейдің өкілетті елшісі Ерхов және Қытай елшілігі кеңесшісі Вихуаға мәлімет берген еді.

Министрлікке Иранның Түркиядағы өкілетті елшісі Мұхаммед Фаразманд да шақырылды.



Ұқсас жаңалықтар