Министр Чавушоғлу Сирия тақырыбында мәлімдеме жасады
«Аймақтағы террористерді тазалап, еліміздің болашағы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде табандымыз».
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияның солтүстігін террордан тазалауда табанды екенін атап көрсетті.
Чавушоғлу әлеуметтік медиа арқылы Сирия тақырыбында мәлімдеме жасады.
Түркияның Сирияның шекара тұтастығына қолдау бергенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Аймақтағы террористерді тазалап, еліміздің болашағы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде табандымыз» деді.
Министр Чавушоғлу «Сириядағы дағдарыстың ол бастан осы елдің шекара тұтастығын құптадық. Бұдан кейінде қолдауымыз жалғаспақ. Аймақтағы террористерді тазалап, еліміздің болашағы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде табандымыз. Сирияда тыныштық, бейбітшілік және тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосамыз» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Үлкен жетілік көшбасшылар саммитіне қатысады
Президент Режеп Тайып Ердоғанның сөз сөйлеуінің негізгі күн тәртібі «Газа» болмақ.
Хакан Фидан Солтүстік Македонияға сапарлай барды
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Солтүстік Македонияның астанасы Скопьеде бірқатар кездесу өткізді