БҰҰ комитетіне сайланды

Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

1281699
БҰҰ комитетіне сайланды

Өкілетті елші Ердоған Ишджан 2020-2023 кезең үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауларға қарсы комитетінің мүшелігіне сайланды.

Сыртқы істер министрлігі жазбаша хабарлама жариялап,  БҰҰ Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаларға қарсы конвенциясының 17-ші Тарап елдер жиналысы аясында Женевада өткен сайлауда Түркияның кандидаты өкілетті елші Ердоған Ишджанның 2020-2023 жылдар үшін комитет мүшелігіне сайланғанын білдірді.

Хабарламада: «Тәжірибелі және табысты дипломаттарымыздың бірі өкілетті елші Ишджанның осы міндетке сайлануы – Түркияның халықаралық ұйымдардағы ықпалды және әділ тұғырының көрсеткіші.  Міндеті бойы Ишджанның комитетке табысты үлес қосатынына сенеміз, табыс тілейміз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар