Түркия өзінің ұшағын өндіреді

Акар Анкарада «Әскери радар және шекара қауіпсіздігі саммитіне» қатысып,  сөз сөйледі.

1280302
Түркия өзінің ұшағын өндіреді

Ұлттық Қорғаныс министр Хулуси Акар Түркияның өзінің бомбалаушы ұшағын жасайтынын және әуе қорғаныс жүйесін жетілдіретінін айтты.

Акар Анкарада Тәуелсіз іскерлер қоғамының  «Әскери радар және шекара қауіпсіздігі саммитіне» қатысып,  сөз сөйледі.

Министр Түркияның әлемдегі саяси,  әскери,  технологиялық,  экономикалық және басқа да салалардағы жаңалықтарды жақыннан бақылап отырғанын білдірді. Түркияның енді әрдайым өз проблемаларымен айналысатын,  қолындағы энергияны тек өзі үшін жұмсаған ел болудан шыққанын айтқан Акар: «Түрік Қарулы күштерінің мұқтаждығы шеңберінде көптеген қару, көлік және жабдықтарды, оқ-дәріні енді өз мүмкіндіктерімізбен жасап жатырмыз» деді.

Акар: «MİLGEM кемелер,  Алтай танкы,  зеңбірек жүйелері,  Атак тікұшақтары,  қарулы/қарусыз ұшқышсыз әуе аппараттары,  Хүркуш ұшағы, Гөкбей тікұшағы, оқ-дәрілер- отандық табандылықтың ең маңызды көрсеткіштері» деді.

Қорғаныс өнеркәсібінде отандық өндірісті аттыратындарын және Америка Құрама Штаттарымен арадағы F-35 әскери ұшақ таластарына да тоқталған министр: «F-35 болмаса,  Хүркушты өндірдік, өзіміздің бомбалаушы ұшағымызды да өндіреміз.  Патриот болмаса,  Сиперді өндіреміз, әуе қорғаныс жүйемізді жетілдіреміз. Бұған ешкім күдіктенбесін» деді.



Ұқсас жаңалықтар