"Түркияның босқа өткізетін бір күні де жоқ"

Президент Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінде депутаттарға үн қатты.

1279835
"Түркияның босқа өткізетін бір күні де жоқ"

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда қалыптастырылатын сенімді аймақ тақырыбында Түркияның босқа өткізетін бір күні жоқтығын айтты.

Президент Ердоған 27-ші кезең 3-ші Заң шығару жылының ашылу салтанатына қатысты.  Ол Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінде депутаттарға үн қатты.

Баяндамасында Сирия дағдарысына тоқталған Ердоған: «Сирия дағдарысы созылғандықтан, қазір өз ел территориямызда тұратын 3 миллион 650 мың қонақ жол ашқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени сынақтарды жақсы біліп отырмыз.  Түркиядан басқа осындай жүкті көтере алатын және осыншама уақыт бойы басқара алатын басқа ел жоқтығын да білеміз.  Сонымен бірге миллиондаған босқынды мәңгілік өз жерімізде қонақ қылатын ойымыз жоқ» деді.

Ердоған: «Шамамен 8 жылдан бері еліміздегі осы адамдардың үйлері, елдері, отандары бар.  Біздің міндетіміз – босқындардың тез арада өз елдерінде өмір сүретіндей сенімді атмосфераны қалыптастыру.  Осы тақырыпта халықаралық қоғамға көптеген шақыру тастадық» деді.

«Сириядағы болмысымыздың жалғыз себебі – шекарамызға бағытталған террор қауіптерінің сонымен бірге еліміздегі сириялықтардың кері оралуына кедергі жасайтын жағдайға келуі.  Түркияның осы тақырыпта босқа өткізетін бір күні де жоқ. Өз жолымызды жалғастырудан басқа амалымыз да қалмады. Манбиджті де қосқанда Евфрат өзенінің Ирак шекарасына дейін қалыптастырылатын 30 км-лік сенімді аймақта бір миллионы жаңа елді мекендерде,  бір миллионын бұрыннан келе жатқан елді мекендерге қоныстандыруды жоспарлап отырмыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар