Анкара Түркияны нысанаға алған мәлімдемелерге наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрлігі Грекия, Мысыр және Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің Түркияға бағытталған мәлімдемесіне наразылық көрсетті.

1278170
Анкара Түркияны нысанаға алған мәлімдемелерге наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрлігі Грекия, Мысыр және Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің Түркияға бағытталған ортақ мәлімдемесіне қатаң наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой 3 елдің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ұйымдастырылған жиналыстың соңында жарияланған ортақ мәлімдемеде орын алған Түркияға бағытталған негізсіз қауесеттерді қабылдамағандарын білдірді.

Аксой тақырыппен байланысты қайтарған жауабында Грекия мен Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің халықаралық құқыққа қарама-қайшы саясаттарына соңғы кездері Еуроодақ елдеріне қоса аймақ елдерінде араластыруға тырысу талпынысының Шығыс Жерорта теңізінде бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қоспайтынын атап көрсетті.

Аксой «Аймақта Түркия мен Кипр түріктері қамтылмаған жобалар ешқандай ықпалды бола алмайды. Шығыс Жерорта теңізінде еліміз және Кипр түріктерінің құқығын қорғауды жалғастырамыз» делінді.

Грекия Мысыр мен Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі сыртқы істер министрлері жиналысының соңында жасаған ортақ мәлімдемеде Түркияның Эгей мен Шығыс Жерорта теңізінде заңсыз жұмыстарын жалғастырғаны алға тартылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар