Ердоған Америка Құрама Штаттарындағы сапарын бағаландырды

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарындағы сапарын бағаландырды.

1277145
Ердоған Америка Құрама Штаттарындағы сапарын бағаландырды

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарындағы сапарын бағаландырды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарында ұйымдастырылған Біріккен Ұлттар Ұйымы 74-ші кезекті Жалпы Кеңесі жиналыстарынан оралғанда Стамбұл Ататүрік Әуежайындағы Мемлекеттік қонақ үйде сапарына байланысты мәлімдемелер жасады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі жиналыстары алдында Нью-Йоркта 22 қыркүйек жексембі күні Түрік-Американ бауырлас және мұсылман қоғамдарының басшыларымен бас қосқанын айтқан Ердоған Мусеви жамағатының өкілдерімен күн тәртіптегі тақырыптарды бағалауға орай тапқанын білдірді.

Түркияның танымал сурет өнерпазы Ара Гүлердің Стамбұл суреттері көрмесінің тұсауын кескен Ердоған  биылғы жалпы кеңес жиналыстарының жоқшылықтан құтылу, білім беруді жоғары өреге көтеру, климат өзгерістері және көлемді көптеген саланы құшақтау талпынысы тақырыптарында  өткенін ескертті.

Ердоған Климат өзгерістері саммиті және Жалғастыруға болатын Өркендеу талпыныстары лидерлер саммитіне де қатысқанын айтты. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесінде баяндама жасаған Ердоған:

"Баяндамамызда жаһандық әділетсіздіктің символына айналған Палестина, Аракан, Сирия, босқындар дағдарысы және көш сияқты тақырыптарда еліміздің тұғырын жеткіздім. Ислам дұшпандығының және мәдени нәсілшілдіктің жаһандық бейбітшілік үшін төндіріп отырған қаупіне назар аудардым. Нью-Йоркта БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш, түрліше елдің ел және үкімет басшыларымен екі жақты кездесулер өткіздім" деді.

Ердоған Түркия-Малайзия-Пәкістан Үштік саммитінде  аймақта Иерусалим, Исламофобия сияқты тақырыптарда нелер істелетінін талқылағандарын жеткізді. 

Түркияның "Өшпенділік сөйлемімен күрес" тақырыбындағы іс-шараға үй иесі болғанын дәріптеген Ердоған экономикалық кездесулер аясында  Түркия Инвестиция конференциясына қатысқанын айтты. 

Ақпарт саласының өкілдерімен кездескенін айтқан Ердоған министрлер, депутаттар орын алған көптеген жиналыстарға да қатысқанын жеткізді.

Түрік - Американ жұмыс кеңесінің жиналысымен сапарды аяқтатқанын білдірген Ердоған "Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі кездесулеріне қатысуымның және осы аядағы кездесулерімнің табысты болғанына сенемін" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар