Эмине Ердоған Нью-Йоркта UNEP атқару директорымен бас қосты

Эмине Ердоған БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы Атқару директоры Ингер Андерсонмен бас қосты.

1275270
Эмине Ердоған Нью-Йоркта UNEP атқару директорымен бас қосты

Эмине Ердоған твиттер арқылы жасаған хабарламада Нью-Йоркта БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясы аясында БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы (UNEP) Атқару директоры Андерсонмен өте табысты бір кездесу жүзеге асырғандарын атап көрсетті.

Кездесуде Қоршаған орта және Қала министрлігі мен UNEP арасында жүргізілген ынтымақтастыққа қоса «нөл қоқыс» жобасының қолға алынғанын атап көрсеткен Ердоған көміртек шығарылымын азайту, құрлық пен теңіздегі био түрленуді қорғау, пластика мен әуе ластығы тақырыптарында көзқарас алмасқандарын білдірді.

Ердоған 2020 жылы ұйымдастырылатын «Мұхит саммитіне» шақырған Андерсонға алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар