Түркия Шығыс Жерорта теңіздегі жұмыстарын жалғастырады

Чавушоғлұ ешкімнің  Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі жұмыстарын тоқтата алмайтынын айтты.

1266079
Түркия Шығыс Жерорта теңіздегі жұмыстарын жалғастырады

Түркия Шығыс Жерорта теңіздегі жұмыстарын жалғастырады.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ ешкімнің  Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі жұмыстарын тоқтата алмайтынын айтты.

Министр Чавушоғлұ Солтүстік Кипр Түрік Республикасы сапары барысында Йени Еренкөйде азаматтармен кездесті.

Чавушоғлұ бұл жердегі сөзінде Түркияның әрқашан Кипр түрік халқының жанында болғанын және бұдан кейін де болатынын білдірді.

Понти әкімшілігінің Шығыс Жерорта теңізінде көмірсутегі жұмыстарын Түркияның барлық ескертулеріне қарамастан жалғастырғанын еске салған Чавушоғлұ «Біз оларға осы Арал маңындағы көмірсутегі байлықтары тақырыбында Кипр түрік халқының да үлесі болғанын айттық және Кипр түрік халқының мүдделерін қорғайтынымызды жеткіздік» деді.



Ұқсас жаңалықтар