Сыртқы істер министрі Беларусьте

Чавушоғлу Беларусьте Сыртқы істер министрі Владимир Макеймен кездесті.

1260033
Сыртқы істер министрі Беларусьте
çavuşoğlu, lukaşenko.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Беларусьпен экономикалық қатынастарды жетілдіру үшін Сауда ортақ жұмыс тобы қалыптастырылғанын білдірді.

Чавушоғлу ресми сапармен Беларуське барып, Сыртқы істер министрі Владимир Макеймен кездесті.

Кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Чавушоғлу екі ел президенттерінің сапарында белгіленген мақсат шеңберінде әріптесі Макеймен бірге жұмыстанғандарын айтты.  Бүгінгі жиналыста екі жақты қатынастарды жетілдіретін салалар жөнінде көзқарас алмасқандарын білдірген министр халықаралық саладағы ынтымақтастық және экономикалық қатынастарды талқылағандарын тілге тиек етті.

Сыртқы істер министрі екі ел арасында турист санының артқанын меңзеді.

Қорғаныс өнеркәсібі секілді бірігіп жұмыс істеуге болатын салаларды да талқылағандарын айтты. Ол мәдениет және білім беру саласындағы қарым-қатынастарды жетілдіруде бірдей ойда екендерін атап көрсетті.

Чавушоғлу екі елдің халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастығына да тоқталды.  «Түркия ретінде Беларусьтің Бүкіләлемдік Сауда ұйымына мүшелігіне қолдау береміз.  Бұдан кейінгі үрдісте қолымыздан келген көмекті береміз» деді ол.

Сыртқы істер министрі екі елдің халықаралық тероризмге қарсы күрес бастағандарына назар аударып: «Лукашенконың қиын кезеңде Түркияға берген көмегін ұмыту мүмкін емес.  Сондықтан тағы бір рет алғыс айтамын» деді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлун Беларусь президенті Александр Лукашенко да қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар