Сыртқы істер министрінен мәлімдеме

"Қарастырылуы керек көптеген тақырып бар" деді.

1252910
Сыртқы істер министрінен мәлімдеме

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары мен Сирияның солтүстігінде құрылуы жоспарланған сенімді аймаққа байланысты келісімде егжей-тегжейі қарастырылуы керек көптеген тақырып бар екенін айтты.

Чавушоғлу Министрлікте Сьерра-Леоне Сыртқы істер және Халықаралық ынтымақтастық министрі Набеела Туниспен кездесу өткізді.

Чавушоғлу: «Әлі егжей-тегжейі қарастырылуы керек көптеген тақырып бар.  Ұшқышсыз әуе көліктеріміз аймақта жұмысын бастады.  Мақсат – сенімді аймақ қалыптастыру.  Мақсат – террористтердің шығарылуы» деді.

Сыртқы істер министрі АҚШ президенті Дональд Трамптың сенімді аймақ үшін 20 миль уәдесі бар екенін еске салып: «YPG террор ұйымының шығарылуы керек» деді.

«Манбиджте бізді күттірді.  Америка Құрама Штаттарының уақыт ұту үрдісін Түркия қабылдамайтынын білуі керек» деді ол.

Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының террорлық ұйымға қару көмегінің де жалғасуда екенін еске салды.



Ұқсас жаңалықтар