Ердоған АҚШ-пен ортақ операция орталығы құрылатынын айтты

Ердоған Сирия шекарасында АҚШ-пен бірге операция орталығын құруға шешім қабылданғанын айтты.

1249666
Ердоған АҚШ-пен ортақ операция орталығы құрылатынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирия шекарасында бейбітшілік дәлізін қалыптастыру мақсатымен Америка Құрама Штаттарымен бірге бір операция орталығын құруға шешім қабылданғанын айтты.

Президент Ердоған Президенттік сарайда ресми сапармен астана Анкараға келген Украина президенті Владимир Зеленскиймен ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Баспасөз мәслихатында Сирия шекарасындағы бейбітшілік дәлізіне де тоқталған Ердоған:

"Америкалықтармен бірге операция орталығын құруға шешім жасалды. Маңыздысы Эфрат өзенінің шығысында аталмыш қадамның басылуы және бұл амеркиалықтармен бірге жүргізілуде. Операция орталығын құру арқылы осы жердегі процесс басталды" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар