Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Президент Ердоған Президенттік сарайда 11-ші елшілер конференциясында баяндама жасады.

1248796
Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Ердоған маңызды мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда Евфрат қалқаны және Зәйтүн бұтағы операцияларымен басталған процес аясында таяуда маңызды бір сатыны өткізетіндерін айтты.

Президент Ердоған Президенттік сарайда 11-ші елшілер конференциясында баяндама жасады.

Ердоған Сирия мәселесіне байланысты «Әртүрлі жолдармен, яғни әрі диалог, әрі жұмсақ күш, әрі дипломатия және әрі қарулы күштер арқылы ұлттық мүдделерімізді сөзсіз түрде қорғаймыз» деді.

Президент Ердоған «Евфрат қалқаны және Зәйтүн бұтағы операцияларымен басталған процес аясында таяуда маңызды бір сатыны өткіземіз» деген сөздер қолданды.

Түркияның НАТО одақтасы және стратегиялық ортағы болған Америка Құрама Штаттарының одақтастыққа үйлесімді қадамдар басуын күткендерін түсіндірген Ердоңған Оңтүстік шекарамызда үлкейген және одақтастығымыздың қарулары арқылы күшейген жүйені жоймай Түркия өзін қауіпсіз сезіне алмайды» деген сөздер қолданды.

Ердоған «S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің  НАТО-ға және F-35 соғыс жүйелеріне зиян тигізетін ешбір дәлел жоқ» деді.

Түркияның Еуропа Одағы мүшелігі жайында Ердоған «Еуропа Одағы жаһандық актер болғысы келсе алдымен Түркияны қасына алуы керек» деп, Түркияның мүшелігінің бірнеше елдің наразылығына құрбан етпеуі керектігін атап өтті.

Президент Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-мен күресу туралы «Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ны Ирактың территориясынан шығаруға бекем байладық» деді.



Ұқсас жаңалықтар