Ердоған Сауд Арабиясының королы Салманмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен де телефонда сөйлесті.

1245776
Ердоған Сауд Арабиясының королы Салманмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясының королы Салман ибн-Абдулазизбен телефонда сөйлесті.

Президенттік сарайдың коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған телефондағы әңгімеде ағасы Бендер ибн-Абдулазиздің қайтыс болуына орай король Салманға көңіл айтқан. Марқұм ағасына Алладан иман тілеген.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастар да сөз болған телефондағы әңгімеде аймақтық оқиғаларға байланысты көзқарас алмастырылған.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен де телефонда сөйлесті.

Ердоған телефондағы әңгімеде Джонсонды Ұлыбритания премьер-министрі болып сайлануына орай құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар