Акар Ресейден S-400 жүйесін тапсырып алу процесінің жалғасатынын айтты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ресейден S-400 жүйесін тапсырып алу процесінің жалғасатынын айтты.

1235052
Акар Ресейден S-400 жүйесін тапсырып алу процесінің жалғасатынын айтты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ресейден S-400 жүйесін тапсырып алу процесінің жалғасатынын айтты.

Хулуси Акар Ресейден алынған S-400 Ұзақ аралыққа атылатын аймақтық Әуе және Зымыран қорғаныс жүйесінің бірінші топтағы материалдарының астана Анкараға келуі жөніндегі сұрақтарға жауап берді. 

Хулуси Акар:

"Аталмыш тақырыпта белгіленген ережелеріміз бар. Осы ережелерге байланысты Қытай, Ресей, Америка Құрама Штаттары және Франция елдерімен кездесулер өткіздік. Аталмыш кездесулерден кейін ережелерімізге жақсы үйлескен ел Ресей болды. Сол себепті Ресеймен 2017 жылы сәуірде келісім жасастық. Аталмыш келісім аясында жұмыстар жалғастырылды" деді.

Акар:

"12 шілдеден бастап үш ұшақ Муртед аймағына барып аталмыш жүйенің бөлшектерін тасымалдай бастады. Бұл процесс алдағы күндерде де жалғасады. Осы процеске тәуелді жұмыстарымыздың аяқталатынын, істің жоспардағыдай орындалатынын көріп отырмыз. Жоспарлы іс-шараларда ешқандай проблема жоқ" деп көрсетті.

Министр Акар:

"Жоспардағыдай үш ұшақ толық келді. Алдағы күндерде процесіміз жалғасады" деді. 

Акар:

"Патриоттарға байланысты кездесулер де жалғасуда. Критерияларымызға үйлесетін болса қажетті ұзақ аралыққа атылатын әуе және зымыран қорғаныс жүйесі болған Патриоттарды алуды бағаландырамыз. Тақырыпқа байланысты ұйымдарымыз, жолдастарымыз жұмыстарын жалғастырып жатыр" деп баса дәріптеді.

 



Ұқсас жаңалықтар