«PKK-ны Ирактан жою тақырыбында келістік»

Анкара Бағдаттан келген жоғары деңгейлі делегацияға қонақжайлық жасады.

1234193
«PKK-ны Ирактан жою тақырыбында келістік»
Erdogan.jpg

Ирак Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі және Ұлттық барлау министрі Сыртқы істер министрлігіне келді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар және Ұлттық Барлау кеңесшісі Хакан Фиданнан тұратын бір делегация ирактық әріптестерімен бас қосты.

Анкара-Бағдат арасында әскери және қауіпсіздік тақырыптарын қолға алған комитет құрылды. Орынбасарлардан тұратын техникалық бір комитеттің құрылуына шешім қабылдаған делегацияның келесі жиналысы Бағдатта ұйымдастырылады.

Түркияның алдынғы қатарлы мәселесі PKK-ның Ирактан тазалануы. Жиналыс жайлы мәлімдеме жасаған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «PKK-ны Ирактан жою тақырыбында келістік» деді.

Делегация кейін президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан қабылданды.

Кездесуде Ердоғанның Иракқа ұйымдастыратын сапары қолға алынды. Сапар барысында комитеттің жұмыстарының нәтижесіне қарап, әскери және қауіпсіздік ынтымақтастығы келісімі күн тәртіпке келеді.



Ұқсас жаңалықтар