Президент Ердоған Босния-Герцоговинаға аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Шығыс Жерорта теңізіндегі мазасыз жанжалдардың Түркияны жолынан бұрмайтынын атап өтті

1232094
Президент Ердоған Босния-Герцоговинаға аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Шығыс Жерорта теңізіндегі мазасыз жанжалдардың Түркияны жолынан бұрмайтынын атап өтті

Президент Режеп Тайып Ердоған Босни-Герцоговинаның астанасы Сарайеваға аттанар алдында Стамбұл Ататүрік әуежайында мәлімдеме жасады.

Шығыс Жерорта теңізіндегі оқиғаларға тоқталған Ердоған:

"Қазір бұрғылау кемелеріміз іздеу-барлау жұмыстарымен үйлесімді түрде өз жол картасы көлемінде бұл процесті жалғастырып жатыр. Тақырыпқа байланысты мазасыздық туғызатын үндер шығуы мүмкін. Мұндай қауесеттердің бізді жолымыздан айырмайтынын бұрын да айтқан болатынбыз. Бүгін де ұқсас тұғырда, ұқсас сөздерді айтудамыз" деп баса дәріптеді.

Түркияның да, Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы бауырластардың да процесті батылдықпен жалғастыратынын айтқан Ердоған Жапонияда Үлкен - 20 саммитінде кездескен лидерлерге де сезімталдықтарын жеткізгенін білдірді. 

Грекияда кеше өткізілген сайлауда жеңіске жеткен Жаңа Демократия партиясының лидері Сириакос Мишотакиске телефон шалып құттықтағанын ескерткен Ердоған:

"Грекиямен жаңа процесті жалғастыруды үміт етемін. Сайлаудан кейін кездесулерімізді жалғастырамыз. Эгейде және Жерорта теңізінде қиыншылық болмауын тілейміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар