Чавушоғлу S-400 жөнінде АҚШ-тың қысымын қабылдамаймыз деді

Мевлүт Чавушоғлу Сыртқы істер министрлігі Хатай өкілдігінің тұсаукесер рәсіміне қатысты.

1219333
Чавушоғлу S-400 жөнінде АҚШ-тың қысымын қабылдамаймыз деді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу S-400 зымырандарына байланысты Америка Құрама Штаттарының қысымын қабылдаудың мүмкін емес екенін атап көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу Сыртқы істер министрлігі Хатай өкілдігінің тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Чавушоғлу осында жасаған мәлімдемесінде:

"Ресейден сатып алынатын S-400 әуеден қорғаныс жүйелеріне байланысты Америка Құрама Штаттарының қысымын қабылдау мүмкін емес" деді.

Сириядағы жағдай туралы Чавушоғлу:

"Режимнің шабуылдарын қабылдау да мүмкін емес және Ресеймен жасалған Идлиб келісіміне қайшы. Режимнің әрекетін тоқтату Сирия тақырыбында жақын ынтымақтастықпен жұмыстанған Ресейдің және Ирактың жауапкерлігінде. Себебі, екеуі де Сирия режимінің кепіл елдері" деп баса дәріптеді. 

Чавушоғлу:

"Асад режимінің әскерлерімізге шабуылдауына шыдауымыз да мүмкін емес. Есебін сұраймыз. Барлығы есін жисын" деді.



Ұқсас жаңалықтар