Мемлекеттік басшылар Исландияға наразылық көрсетті

Қарсы көгалдағы матч үшін барған Исландия әуежайында түрік ұлттық құрамасына қарсы құрметсіздік жасалды.

1215629
Мемлекеттік басшылар Исландияға наразылық көрсетті
Fahrettin Altun.jpg
kalın.jpg
milli takım.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия ұлттық құрамасына қарсы Исландия халықаралық әуежайында әдейі жасалған қорлыққа наразылық көрсетуін қатаң түрде айыптағандарын атап көрсетті.

2020 Еуропа Футбол чемпионаты іріктеулерінде 3 матчта 9 ұпай жинаған Түркия ұлттық құрамасы «H тобында» төртінші матчын ойнау үшін Исландияға аттанды.

Арнайы ұшақпен Исландияға аттанған команда әуежайда құрметсіз түрде қарсы алынды.

Футболшылардың сөмкелерін әдейі қайта қайта ақтарған кеден қызметкерлері команданы себепсіз 2 сағат күткізіп, паспорт тексеруінен өткізді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу тақырып туралы жеке твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Ұлттық құрамамызға әуежайда жасалғандар әрі дипломатиялық ережелер, әрі адамгершілік тұрғысынан қабылданбайды. Қажетті шараларды іске қосатынымызды барша білсін!» деді.

Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун жеке твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде түрік ұлттық құрамасына Исландияда бағытталған ұстанымның дипломатиялық ережелер мен спорттық ұстанымға жараспағанын атап «оқиғаның жауапкерлерін айыптаймын, жаңалықтарды жақын қадағалайтын боламыз» деді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын болса жасаған мәлімдемеде «Ұлттық құрамамызға Исландияда жасалған осы құрметсіздік қабылданбайды және тиісті шаралар қабылданды. Мемлекетіміз бен халқымыз ұлттық құрамаға қолдауын жалғастырады» деді.

Калын сондай-ақ ұлттық құраманың өзіне жасалған құрметсіздікке қажетті жауапты көгалда қайтаратынына сенгенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар