Түркия Езидилерге қол ұшын берді

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Езидилерге  3 мың пакет азық-түлік таратты.

1209981
Түркия Езидилерге қол ұшын берді

Түркия Езидилерге қол ұшын берді.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Ирактың Духок қаласындағы Ханки босқын лагерінде болған Езидилерге  3 мың пакет азық-түлік таратты.

Түркияның Эрбиль Бас консулы Хакан Карачай Иракта болған террор шабуылдарының артқы жаққа үлкен қайғы тастап кеткенін айтты.

Террор ұйымы ДАИШ салдарынан жүз мыңдаған Езидилердің Мосулдың Синджар ауданындағы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғанын еске салған Карачай былай деді: «Ханки босқын лагері Синджардан қашқан Езидилерге пана болуда».

Түркияның әлемдегі барлық бейуаз халыққа қол ұшын бергенін түсіндірген Карачай бүгін де Езидилерге 3 мың пакет азық-түлік жәрдем таратқанын баяндады.



Ұқсас жаңалықтар