Ердоған Ирак премьер-министрін күтіп алды

Президент Ердоған Анкараға келген Ирак премьер-министрі Адил Абдулмехдиді рәсіммен күтіп алды.

1202040
Ердоған Ирак премьер-министрін күтіп алды

Ердоған Ирак премьер-министрін күтіп алды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Иракпен әскери бір ынтымақтастық және қауіпсіздік келісімінің кең қанат жаюының дұрыс екенін айтты.

Президент Ердоған ресми сапармен астана Анкараға келген Ирак премьер-министрі Адил Абдулмехдиді рәсіммен күтіп алды.

Қарсы алу рәсімінен кейін Ердоған мен Абдулмехди оңаша және делегациялар арасында кездесулер өткізді.

Ердоған баспасөз жиналысында жасаған мәлімдемесінде «Ирактың қайтадан салынуы тақырыбында террор ұйымы ДАИШ тарапынан қиратылған Киркук-Жейхан мұнай құбыр желісінің тезірек жұмысқа қосылуының маңызын атап өттік» деген сөздер қолданды.

Ердоған Түркия мен Ирак арасында бір әскери ынтымақтастық және қауіпсіздік келісімінің кең қанат жаюының дұрыс болатынына шешім жасағандарын білдірді.

Ирак премьер-министрі Адил Абдулмехди болса, «Ешқашан Түркия территорияларына біздің территориямыздан бір қауіптің төнуін қабылдауымыз мүмкін емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар