Калын Башар Асадтың қандықол екенін білдірді

Калын: "Сириялық қандықол жүз мыңдаған адамды өлтіру, миллиондаған адамды мекенінен айыру және тамаша елді ойрандаумен қоса, он мыңдаған адамды қинады".

1199719
Калын Башар Асадтың қандықол екенін білдірді

Президенттік аппараттың мәлімдемешісі Ибрахим Калын Сирияда Башар Асад әкімшілігінің жүз мыңдаған адамды өлтіру, миллиондаған адамды мекенінен айыру және тамаша елді ойрандаумен қоса, он мыңдаған адамды қинағанын білдірді.

Ибрахим Калын әлеуметтік ақпарат желісінен Американың Нью-Йорк Таймс газетінің интернет парақшасында шыққан "Сириядағы жасырын қинау түрмелерінің ішінде: Башар Асад оппозицияны қалай күйретті?" деген тақырыптағы хабарды бөлісті.

Калын ағылшынша жариялаған мәлімдемесінде:

"Сириялық қандықол жүз мыңдаған адамды өлтіру, миллиондаған адамды мекенінен айыру және тамаша елді ойрандаумен қоса, он мыңдаған адамды қинады" деді.

Американың Нью-Йорк Таймс газетінің интернет парақшасында шыққан хабарда Сириядағы үкіметке қарсы протест ереуілдеріне қатысқаны себепті ұсталып, түрмеге жабылған Заң факультеті студентіне жасалған қинау әрекетінің құжаттары орын алған.



Ұқсас жаңалықтар