Түркия Пәкістандағы бомбалы шабуылды айыптады

Түркия Лахорда сопы кесенесіне бағытталған террор шабуылын қатаң түрде айыптады.

1197438
Түркия Пәкістандағы бомбалы шабуылды айыптады

Түркия Пәкістанның Пенджап уәлаятының бас қаласы Лахорда сопы кесенесіне бағытталған террор шабуылын қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Лахорда сопы кесенесінің кірісіндегі полиция бекетіне жасалған террор шабуылы нәтижесінде араларында полиция қызметкерлері де бар кейбір адамдардың қаза тауып, көптеген адам жарақат алған оқиғаны күйзеліспен қарсы алдық» делінді.

Мәлімдемеде «Діни бір орында жүзеге асырылған осы опасыз террор шабуылын қатаң түрде айыптаймыз. Қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын, жаралыларға жедел шипа тілейміз. Пәкістан үкіметі мен бауырлас Пәкістан халқына көңіл айтамыз» делінді.

Пәкістанның Пенджап уәлаятының бас қаласы Лахорда сопы кесенесіне жасалған бомбалы шабуылда 5 полиция, 8 адамның қаза тапқаны, кем дегенде 26 адамның жарақат алғаны білдірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар