Ұлттық Барлау Ұйымы шетелде операция жасады

Ұлттық Барлау Ұйымы Иракта PKK/KCK террор ұйымы мүшесі 4 террористті ұстап елге оралды.

1188105
Ұлттық Барлау Ұйымы шетелде операция жасады
terörist.jpg

Ұлттық Барлау Ұйымының бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK-ның шетелдегі нысаналарына бағытталған операциясымен Синджарда ұсталған 4 террорист, 18 сәуір күні Ирактан Түркияға әкелініп, Полиция басқармасының Террормен күрес топтарына өткізілді.

Қауіпсіздік күштеріне қарағанда ұсталған террористтер террор ұйымы PKK/KCK-ның Сириядағы құрылымы PYD/YPG құрамында Сирияда қарулы жаттығудан өтті.

Сирия мен Иракта шабуылдарға қатысқаны анықталған террористтер Ирак – Синджар алаңынан өткен кезде байқалды.

Террористерден V.K.-ның 2010 жылы PKK/KCK-ға қосылғаны Ирактың солтүстігіндегі Гара мен Хафтанин алаңдарында Түрік қарулы күштеріне қарсы шабуылдарға белсенді қатысқаны, Синжар аймағында да жұмыс істегені атап көрсетілді.

V.K.-ның өткен ай Синджар аймағында Йезиди бір жанұяның 11 жасар мүгедек баласына сексуалды шабуыл жасағаны және PKK/KCK-ның осы оқиғаны жасыру үшін ұйым мүшелерін басқа бір аймаққа жібергені анықталды.



Ұқсас жаңалықтар