Стамбулдың басшысы белгілі болды

Екрем Имамоғлу мандатын алды.

1185556
Стамбулдың басшысы белгілі болды
ekrem imamoglu1.jpg

Стамбулда 31 наурыз күнгі жергілікті әкімшілік сайлауынан кейін Стамбул қалалық муниципалитет төрағасы белгілі болды.

Республика Халық партиясы және İYİ партиядан тұратын Миллет одағының кандидаты Екрем Имамоғлу Стамбулдың мэрі атанды.

Әртүрлі наразылықтарға орай кейбірі қайта саналған дауыс бюллетеньдеріне қарағанда,  Екрем Имамоғлу 4 миллион 169 мың 765, Әділет және даму партиясының кандидаты Бинали Йылдырым болса 4 миллион 156 мың 36 дауыс жинады.

Қорытынды Жоғары сайлау кеңесінің жүйесінде жарияланғаннан кейін Имамоғлу Қалалық сайлау кеңесінен мандатын алды.

Екрем Имамоғлу артынан Сарачханедегі Стамбул қалалық муниципалитеті ғимаратында міндетін Мевлүт Юйсалдан қабылдап алды.

«Мандатымызды алдық, қуаныштымыз.  Бақыттымыз. 16 миллион тұрғын атынан қабылдап алдым. Қаланың мұқтаждықтарын жақсы білеміз. Осы қалада өмір сүретін баршаның талап-тілектерін білеміз және қызметті дереу бастаймыз» деді ол.

Осы арада Әділет және даму партиясы Жоғары сайлау кеңесіне берген «Стамбул сайлауында заңсыздық жасалды деген айыптаумен сайлауды жарамсыз деп табу» ұсынысы қаралуда.



Ұқсас жаңалықтар