Түркияның маңыздылығына тоқталды

Джеймс Джеффри: «Түркиямен террорлық ұйым YPG-сіз сенімді аймақ тақырыбынды жұмыстанудамыз» деді.

1183952
Түркияның маңыздылығына тоқталды

Америка Құрама Штаттарының Сирия арнайы өкілі Джеймс Джеффри Түркияның қауіпсіздікке байланысты уайымдары бар екенін айтып: «Түркиямен террорлық ұйым YPG-сіз сенімді аймақ тақырыбынды жұмыстанудамыз» деді.

Джеффри Түркия-АҚШ Бизнес кеңесі мен Америка-Түрік кеңесі тарапынан биыл 37-шісі ұйымдастырылған Жылдық ортақ конференцияда сөз сөйледі.

Джеффри «Түркия мен Америка Құрама Штаттарының бұрын және қазір өте маңызды геостратегиялық серіктестігі бар» деді.

Джеффри Сириядағы дағдарыстың өте күрделі екенін айтты. Ол Америка Құрама Штаттарының Сириядағы мақсатына жету тұрғысынан Түркияның маңыздылығына тоқталды.

«Асад әкімшілігі химиялық және ядролық қарудан бас тартуы керек.  Сирия террористтер үшін баспана болмауы керек. Ирандықтар да өз елдеріне қайтуы қажет» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар