Ердоған S-400 зымыран жүйесін алудан бас тартуды бізден ешкім сұрай алмайтынын айтты

Ердоған: "Ресеймен ортақ түсіністік негізінде ұлттық қауіпсіздігімізге көз тіккен террорлық топтарды Сириядан қуып шығаруға бел байладық"

1179426
Ердоған  S-400 зымыран жүйесін алудан бас тартуды бізден ешкім сұрай алмайтынын айтты
erdogan rusya.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған егемен ел Түркияның орыс S-400 зымыран жүйесін сатып алудан бас тартуын ешкімнің сұрай алмайтынын атап айтты.

Президент Ердоған  Ресейде президент Владимир Путинмен бірге Түркия-Ресей жоғары деңгейлі ынтымақтастық  кеңесі жиналысына төраға болды. 

Екі лидер осыдан кейін ортақ баспасөз жиналысын ұйымдастырды.

Ердоған баяндамасында "Сирияның солтүстігінде еліміздің тыныштығына және Сирияның территория тұтастығына қауіп төндіретін бір болмыстың орнауына көз жұмбайтынымызды білдірдік" деді. 

Президент Ердоған:

"Ресеймен ортақ түсіністік негізінде ұлттық қауіпсіздігімізге көз тіккен террорлық топтарды Сириядан қуып шығаруға бел байладық" деп көрсетті.

Сирияда Атазаң комиссиясының қысқа уақытта іске қосылуына байланысты бекімдерін қайталағандарын білдірген Ердоған:

"Сирия және аймақтық мәселелерге қатысты кездесулер өткіздік. АҚШ-тың шегіну шешімін талқыладық. Идлибті қамтыған аймақтағы оқиғаларды қолға алдық. Алдағы кезеңде бірге басылатын қадамдарды кеңестік" деді.

Ресейдің Түркияның сауда ортақтары арасында үшінші орында тұрғанын білдірген Ердоған энергия саласындағы Түрік-Орыс ынтымақтастығының экономикалық қарым-қатынастардың ілгерлетуші күштерінің бірі екенін атап көрсетті.

Түркияның орыс зымыран қорғаныс жүйесі S-400-ді сатып алуына Вашингтон әкімшілігінен келген сынға байланысты бір сұраққа орай Ердоған:

"3  -шы тараптарды мазасыз қылама, жоқ па? Біз егемендігі шартсыз ұлтына тән бір елміз. Егемендігімізге байланысты ешкімнің сөз айтуына мүмкіндік бере алмаймыз.  Әйтпегенде, ұлт, ел бола алмаймыз.S-400 жөніндегі жол картамызды белгіледік, сыздық, қадамдарымызды бастық. Жұмыс бітті. Енді  бізден "Бұдан бас тарт" деп ұсыныс жасағандар, бізді танымағаны. Біз аталмыш тақырыпта келісім жасаған болсақ, бұл іс бітті деген сөз. Сол себепті жолымызды жалғастыра береміз. Бұл біздің егемендік құқымыз. Бұдан бас тартуымызды ешкім бізден сұрай алмайды" деп баса көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар