Өмер Челик Нетаньяхудың мәлімдемесіне қатаң наразылық көрсетті

«Халықаралық қоғамның Нетаньяхудың есуастығына тоқта дейтін уақыт келді».

1178522
Өмер Челик Нетаньяхудың мәлімдемесіне қатаң наразылық көрсетті

Сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Батыс Шерияны аннекциялау уәдесі берген Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик қатаң наразылық көрсетті.

Челик әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде «Халықаралық қоғамның Нетаньяхудың есуастығына тоқта дейтін уақыт келді» деді.

Челик Нетаньяхудың баянын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарлары мен халықаралық құқықты «жоқ» деп есептегенін атап «Заң бұзушылық сатысынан жою сатысына өтуге тырысады» деді.

Өмер Челик Нетаньяхудың халықаралық қоғам мен заңдарға ашық түрде шабуылдағанына назар аударып, «Осы жек көруші сөйлемдерді барша айыптау керек» деді.

Челик халықаралық қоғамның өз құндылықтарын Нетаньяхудың шабуылдаушы ұстанымына қарсы мықты түрде қорғау керектігін атап көрсетті.

Басқыншылықты ынталандырушылардың мұның арғы жағын жақсы ойлау керектігін айтқан Челик Таяу Шығыстан бастап, бүкіл әлемді хаосқа апарып соғатындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар