Калын Израиль премьер-министрін қатаң түрде айыптады

"Батыс Шерия халықаралық құқыққа қарама-қайшы басып алынған Палестина жері болып табылады"

1178540
Калын Израиль премьер-министрін қатаң түрде айыптады

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Батыс Шерияға бағытталған баянында басқыншылығын заңдастыру үшін сайлау саясатын пайдаланудың бір үлгісі ретінде бағалады.

Калын твиттер парақшасынан ағылшын тілде жасаған мәлімдемесінде «Нетаньяхудың басқыншылықты заңдастыру және екі мемлекетті бір шешімге балта шабу үшін сайлау саясатын қалай қолданғанын көрсеткен бір мысал. Жаңадан сайланған жағдайда бұл демократия ма, басқыншылықтың ба жеңісі болмақ? Батыстық демократиялар наразылық көрсетеме екен, әлде үнсіз қалуды жалғастыра ма? Баршасын айыптаймын» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да Нетаньяхуға наразылық көрсетті. Әлеуметтік медиадан мәлімдеме жасаған министр Чавушоғлу «Батыс Шерия халықаралық құқыққа қарама-қайшы басып алынған Палестина жері болып табылады. Нетаньяхудың сайлау алдында тағы дауыс жинау үшін жасаған осы жауапкерсіз мәлімдемелер осы шындықты ешқандай өзгертпейді» деді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 9 сәуір күнгі сайлауда жеңіске жетіп қайтадан билікке келген жағдайда Батыс Шериядағы заңсыз еврей аймақтарын «Израильге қосу» жоспарын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар