Ердоған АҚШ-қа наразылық көрсетті

Ердоған Стамбулда журналисттердің күн тәртіпке байланысты сұрақтарына жауап берді.

1178057
Ердоған АҚШ-қа наразылық көрсетті

Ердоған АҚШ-қа наразылық көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған 31 наурыздағы жергілікті сайлаулардың дауыстарын қайтадан санауына наразылық көрсеткен Америка Құрама Штаттары және Еуропа Одағы елдерінің өз орнын білулері керектігін айтты.

Ердоған Стамбулда журналисттердің күн тәртіпке байланысты сұрақтарына жауап берді.

АҚШ және Еуропа Одағы елдерінің Түркиядағы жергілікті сайлауларға бағытталған мәлімдемелеріне тоқталған Ердоған «Ішкі істерімізге араласқысы келген АҚШ және Еуропа Одағы шектен асып кетті. Түркияда дауыс беруге қатысқандар саны 83 пайызға жетті. Осы арқылы демократиялық бір сабақ берілді» деді.

Түркия-Ресей Жоғарғы Деңгейдегі Стратегиялық Кеңесі жиналысына да тоқталған Ердоған «Қазір S-400 әуе қорғаныс жүйелері маңызды орын алуда. АҚШ-тың айтқандары қате. Біз бір S-400 әуе қорғаныс жүйелерімен байланысты процесті аяқтаттық. Қазір ақшасын төлеп жатырмыз» деген сөздер қолданды.

Ердоған АҚШ-тан Патриоттарды алғысы келгенін, бірақ олардың бұған жақындамағанын атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар