Ирак премьер-министрі келеді

Абдулмехди «Осы аяда Түркия және кейбір шығанақ елдеріне сапарлай барамын» деді.

1175982
Ирак премьер-министрі келеді

Ирак премьер-министрі Адил Абдулмехди қысқа уақытта Түркия және кейбір шығанақ елдеріне сапарлай баратынын білдірді.

Ирак мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда,  бас қала Бағдаттағы апталық баспасөз брифингінде Абдулмехди: «Көрші елдермен қатынастарымызды келіспеушілік арқылы құрғымыз келмейді.  Келіспеушіліктер көптен бері бар. Ирак ретінде ортақ құндылықтар шеңберінде шетелдерге ашылу саясатын жүргізіп отырмыз» деді.

Абдулмехди «Осы аяда Түркия және кейбір шығанақ елдеріне сапарлай барамын» деді.

Ирак премьер-министрі Сауд Арабиясынан 90 кісіден тұратын жоғары деңгейлі бір делегацияның бүгін Бағдатқа келетінін білдіріп,  алдымыздағы екі аптада осы елге баратынын жеткізді. Сауд Арабиясы сапарына да тоқталған премьер-министр екі жақты сауда қатынастары,  кеден мәселесі және Ирак азаматтарының қажылық ісінің талқыланатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар