Израиль әскерлері бір палестиналықты атып өлтірді

Израиль әскерлері «Календия» босқындар лагеріндегі бір палестиналықты атып өлтірді.

1175569
Израиль әскерлері бір палестиналықты атып өлтірді

Израиль әскерлері бір палестиналықты атып өлтірді.

Израиль әскерлері қысым астындағы Иерусалимнің солтүстігіндегі «Календия» босқындар лагеріндегі бір палестиналықты атып өлтірді.

Куәгерлерден алынған мағлұматтарға қарағанда бүгін таңертең «Календия» босқындар лагеріне шабуыл жасаған Израиль әскерлері ішінде Али Адван болған көлікке оқ жаудырды.

Израиль әскерлері тарапынан атылған оқтың кесірінен Адван шейіт болды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі де Израиль әскерлерінің Адван мәйітін Палестина медицина орталығына тапсырып бергенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар