Ердоған шейіт отбастарына көңіл айтты

Ердоған Жаңа Зеландия үкіметінің екі мешітке жасалған террор шабуылына қатты көңіл бөлуі керектігін айтты.

1165734
Ердоған шейіт отбастарына көңіл айтты

Ердоған шейіт отбастарына көңіл айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Жаңа Зеландия үкіметінің екі мешітке жасалған террор шабуылына қатты көңіл бөлуі керектігін айтты.

Сыртқы істер министрі мен Президент орынбасары Фуат Октай Жаңа Зеландияға барып, Крайстчерчтегі шабуылда шейіт болған мұсылмандардың отбастары және туыс-туғандарына көңіл айтты. Осы барыста Фуат Октай Президент Ердоғанға телефон шалды.

Президент Ердоған телефон арқылы шабуылда қаза тапқандардың отбастарына үн қатты.

Сөздерінде шейіт отбастары және мұсылмандарға көңіл айтқан Ердоған жарақат алғандарға да жедел шипа тілегендерін жеткізді.

«Бұл жеке адам жасаған бір оқиға емес, ұйымдастырылған бір оқиға екені шайдай ашық» деген Ердоған террористтің Түркияға екі рет кіргенін және жиыны  46 күн елде қалғанын еске салды.

Ердоған түрік ұлттық барлау ұйымының террористтің Түркия және аймақ елдерінде жұмыс істегендерін анықтағанын мәлімдеді.

Ердоған Жаңа Зеландия және маңындағы барлық мұсылмандардың әрқашан бауырлары екенін, сондай-ақ таяуда аймаққа жасайтын сапары барысында шейіт отбастарымен кездескісі келгенін айтты.

Президент Ердоғанның сөздерінен кейін азаматтар «Сізді өте жақсы көреміз. Алла сізді және Түркияны қорғасын» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар