Сыртқы істер министрі Чавушоғлу әлемнің Израильге үнсіз қалғанын айтты

Чавушоғлу Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдерді де сынға алды.

1162927
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу әлемнің Израильге үнсіз қалғанын айтты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу әлемнің Израильге үнсіз қалғанын айтты. Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдерді де сынға алды. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анталияда жасаған баяндамасында:

"Иерусалимдегі Акса Мешітіне Израиль әскерлері қолдарында лас жалауларымен кірді.  Елбасы Режеп Тайып Ердоғаннан басқа, бізден басқа, яғни, Түркиядан басқа біреу наразылық көрсетті ме? Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше 57 ел бар. Неліктен үнсіз? Өйткені олардың мұндай бір дерті жоқ. Олар Израильден қорқады. Америкадан қорқады, үнін шығармайды. Алайда біздің қасиетті арманымызға ие болуымыз керек. Біз ие болмасақ, қасиетті арманымызға ешкім де ие болмайды" деп көрсетті.

Израиль президенті Беньямин Нетаньяхудың  Елбасы Режеп Тайып Ердоғанға бағытталған сөздеріне орай Чавушоғлу Ердоғанның Израильге ұлтымыздың асқақ дауысы ретінде, Түркия Республикасының Президенті ретінде және Ислам Ынтымақтастық Ұйымының саммит төрағасы ретінде наразылық көрсеткенін айтты. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

"Израиль президенті Беньямин Нетаньяху бүгін әділетсіздіктен, парақорлықтан тергеу астында және Израильдегі сайлауда дауыс алу үшін шабуылдап отыр. Қасиетті мекендерімізге шабуыл жасауда. Өкінішке орай, әлем бұған үнсіз қалып отыр" деп баса дәріптеді.  



Ұқсас жаңалықтар