Министр Мевлүт Чавушоғлу грек әріптесімен Брюссельде бас қосты

Министрлер Брюссельде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру тақырыптарында көзқарас алмасты.

1163411
Министр Мевлүт Чавушоғлу грек әріптесімен Брюссельде бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу грек әріптесі Георгиос Катроугалос пен Бельгияның бас қаласы Брюссельде бас қосты.

Чавушоғлу кездесумен байланысты жеке твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемесінде «Грекия Сыртқы істер министрі Горгиос Катроугалоспен елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды әр салада жетілдіру тақырыбында көзқарас алмастық» деді.

Кездесу баспасөзге жабық өтті.

Чавушоғлу «Сирия мен аймақтың болашағын қолдау» конференциясымен Түркия-Еуроодақ ортақтығы кеңес жиналыстарына қатысу үшін Брюссельге барған болатын.



Ұқсас жаңалықтар