"Түркияның өз күшімен өсуі АҚШ-ты мазалауда"

Ердоған Диярбакыр қаласында болып өткен Түркия Жастар қорының 5-ші құрылтайына қатысты.

1160321
"Түркияның өз күшімен өсуі АҚШ-ты мазалауда"

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың мәселесі Түркияның S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алуы емес, Түркияның Сириядан бастап аймақтағы жаңалықтар тақырыбында өз еркімен шешім қабылдау екенін атап көрсетті.

Ердоған Диярбакыр Сейрантепе спорт кешенінде болып өткен Түркия Жастар Қоры 5-ші құрылтайына қатысты.

Өз күшімен өсе бастаған Түркияның құқық пен шындықты одан көтеріңкі тілге тиек еткенін түсіндірген Ердоған «Бұдан мазасызданғандар бұрынғыдай өз сценарийлерін ойнағысы келеді. АҚШ-тың S-400 әуе қорғаныс жүйесімен байланысты ұстанымы мұның дәлелі. Түркия осы қорғаныс жүйесін неліктен сатып алғанын, қандай қауіптерге душар екенін ашық түрде ортаға қойды. Осы тұғырдың не НАТО, не болмаса F35 реактивті соғыс ұшағы жобасы немесе АҚШ-қа қауіп төндірумен ешқандай байланысы жоқ. Мұны барша біледі» деді.



Ұқсас жаңалықтар